Қазақстан • 11 Сәуір, 2018

Солтүстік Қазақстанда ауыл кәсіпкерлеріне несие мөлшері ұлғайды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы елді мекендердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруға 1 миллиард теңге бөліп отыр.

Солтүстік Қазақстанда ауыл кәсіпкерлеріне несие мөлшері ұлғайды

Қазір жер-жерлерде шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан тиісті құжаттарды жинап, рәсімдеу жұмыстары қызу өріс алған. Олардың алды  қаржы ұйымына өтініштерін өткізіп те қойыпты. Жылдық пайызы төмен  шағын несиенің басым бөлігі мал шаруашылығын өркендетуге бағытталмақшы.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филаиалы 2013 жылдан бері ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендірумен  айналысады. Осы мерзім ішінд 3 мыңдай  адам 9 миллиард теңгенің заемын ресімдеген.

«2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жобасы аясында 700 теріскейлік 2 миллиард теңгеге қаржыландырылды.  Биыл ел қазынасынан 1 миллиард теңге бөлініп отыр. Шарт бойынша 19 миллион теңгеге дейін несие алуға болады», дейді директордың орынбасары Айдар Төлеев.

«Жан» шаруа қожалығының жетекшісі Ақшолпан Рамазанова қаржы ұйымының көмегіне 3 рет жүгініпті. Алғашқыда  егіншілік және мал шаруашылығын өркендетуге несие  алса, бұл жолы етті бағыттағы ірі қара малын өсіруді жөн көрген. Оның айтуынша  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» жеңілдетілген несие берудің тиімді тетіктері жан-жақты  ойластырылған.

Биыл кәсіпкерлердің 68 пайызы ірі қара мал алуға өтініш білдірген. Қалғандары өсімдік және басқа да  салалармен шұғылданбақ.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы